Медиа орталық/
Іс-шаралар
Townhall KASE: 2025 жылдың алғашқы қорытындысы және болашаққа бағыт

22 сәуірде KASE командасы бірінші тоқсанның қорытындысын шығару және таяу уақыттағы басым міндеттерді талқылау үшін Townhall форматында дәстүрлі кездесу өткізді.
Іс-шараны Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ашып, команданың тиімділігі мен тұтастығын арттырудың негізгі бағыттарын белгіледі.
Басқарма төрағасының орынбасары Дана Аманжолова нарықтық нәтижелерге шолу жасап, KASE-нің халықаралық бастамалары мен 2025-2027 жылдарға арналған Стратегия аясында дамудың басым бағыттары туралы айтып берді.
Сондай-ақ біз бірінші тоқсанда бізге қосылған жаңа әріптестерімізді қуана қарсы алдық. Бізді өршіл идеялар, табысты жобалар мен елеулі жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!
Соңғы іс-шаралар
Корпоративтік оқиғалар
Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Ынтымақтастық