KZ
18 сәуір 2025, 21:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE АТУ тыңдаушыларына арналған таныстыру семинарын өткізді

2025 жылғы 08 сәуірде KASE алаңында Алматы технологиялық университетінің «Қаржы» мамандығының 2-курс студенттерімен кездесу өтті.

Қатысушылар «Бағалы қағаздар нарығына кіріспе» дәрісіне қатысты, оның спикері KASE эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің оқыту жөніндегі үйлестірушісі Нұрбек Адамбеков болды.

Тыңдаушылар биржаның қалыптасу және даму тарихы туралы, қор нарығының жұмыс негіздерімен, негізгі инвестициялық құралдармен танысты және Қазақстанның қаржы жүйесіндегі KASE рөлі туралы білді. Сондай-ақ ол ісін жаңа бастаған инвесторлары қол жеткізе алатын мүмкіндіктер, бағалы қағаздар саудасының тетіктері, баға белгілеу және биржалық қызметті реттеу қағидаттары туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырып жүрген барлық сұрақты қойды.

KASE қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында еліміздің болашақ қаржыгерлерімен және экономистерімен қаржы нарығының трендтерін бөлісіп, студенттермен және оқушылармен кездесуді тұрақты түрде өткізіп тұрады.