KASE "Эмитент "Қазақтелеком" АҚ күнін" өткізді

2025 жылғы 11 сәуірде KASE "Қазақтелеком" АҚ өкілдерімен "Эмитент күнін" өткізді. Онлайн-кездесу компанияның 2024 жылғы қызметінің қорытындысы тақырыбында өтті.
Телекоммуникация саласының ірі операторы тарапынан болған спикерлер:
Арнұр Нұрқатов, "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
Нұрлан Мейірманов, Стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директор;
Руслан Берстембаев, Бөлшек бизнес жөніндегі дивизионның маркетинг жөніндегі директоры;
Ксения Минеева, Клиенттік тәжірибені басқару департаментінің директоры.
Спикерлер "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының 2024 жылғы қаржылық қызметінің негізгі нәтижелері, қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жобалар туралы айтып, технологиялық даму жөніндегі жоспарларын бөлісті, сондай-ақ инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және БАҚ сұрақтарына жауап берді.
Кездесудің модераторы KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.
"Қазақтелеком" АҚ – байланыс қызметтерін, оның ішінде ауылдық жерлерде байланыс қызметтерін ұсынуда көшбасшы болып танылған Қазақстандағы тіркелген телефонияның ірі операторы, сондай-ақ деректерді берудің ұлттық желісінің ірі операторларының бірі.