KZ
18 сәуір 2025, 21:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE Wardat al Hayat ИПИҚ пайларымен сауда-саттықты ашу рәсімін өткізді

27 наурызда KASE алаңында BCC Invest басқаруындағы Wardat al Hayat интервалдық инвестициялық пай қорының пайларымен сауда-саттықты ашу рәсімі өтті.

Рәсім аясында исламдық қаржыландыру тақырыбы бойынша панельдік пікірталас ұйымдастырылып, спикерлер өзекті ақпаратпен бөлісті. Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығының төрайымы Мәдина Тукулова Қазақстандағы исламдық бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы айтты. Ол KASE-де әр жылдары Қазақстанның Даму Банкі мен Исламдық жеке секторды дамыту корпорациясының (ICD) сукук бағалы қағаздары орналастырылғанын атап өтті.

ҚҚҚ-ның Бағалы қағаздар нарығын дамыту орталығының басқарушы директоры Дәурен Тасмағамбетов Қазақстанда исламдық қаржы құралдарының заңнамалық реттеу ерекшеліктерін айқындады. Оның айтуынша, бағалы қағаздарды дамытуды реттейтін заңнамаға исламдық қаржыландыру мәселелеріне қатысты өзгеріс енгізу қажет.

“BCC Invest” АҚ-тың басқарушы директоры Руслан Зерилов Wardat al Hayat қорының инвестициялық стратегиясын таныстырды. Қор исламдық инвестиция принциптерін ұстанатын инвесторларға арналған және сенімді эмитенттердің тәуекелі төмен құралдарына бағытталған консервативті стратегияны ұсынады.

“BCC Invest” АҚ Активтерді басқару тобының басшысы Мәулен Үсенов Wardat al Hayat қоры негізінен Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші эмитенттері шығарған сукук (исламдық борыштық бағалы қағаздар) құралдарына инвестиция салатынын айтты. Қордың болжамды жылдық кірістілігі – АҚШ долларымен шамамен 4%.

BCC Invest Өнім менеджері Артем Малых Wardat al Hayat қорының даму перспективаларын ашып көрсетті. Ол қордың “қаржы құралдарын сатып алу шариғат нормаларына сай болуы керек” деген исламдық принципке сәйкес келетін консервативті инвестициялық стратегиясын атап өтті. Осы жөнінен Шариғаттық бақылау кеңесі сертификаттау жүргізген.