KASE "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері үшін таныстыру дәрісін өткізді.

13 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ алаңында KASE қызметкерлері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне «Қор нарығының негіздері» тақырыбында таныстыру дәрісін өткізді.
Қатысушылар KASE-дегі оқытуды үйлестіруші Нұрбек Адамбеков пен KASE-нің Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұркен Болатбек "Бағалы қағаздар нарығына кіріспе" тақырыбында өткізген дәріске қатысты.
Тыңдаушылар қор нарығы жұмысының негіздері, негізгі инвестициялық құралдар, Қазақстанның қаржы жүйесіндегі KASE-нің рөлі мен жаңа инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктері туралы білді. Сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттық жасау механизмдері, баға белгілеуді және биржа қызметін реттеу принциптері туралы ақпарат алды.