KASE KIMEP Университетінің тыңдаушылары үшін таныстыру семинарын өткізді

11 наурызда KASE алаңында KIMEP университетінің Доктор Бенг атындағы бизнес-колледжінің «Менеджмент және маркетинг» мамандығының 3-курс студенттерімен кездесу өтті.
Қатысушылар KASE мұражайын тамашалады, сондай-ақ KASE-нің Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұркен Болатбек "Бағалы қағаздар нарығына кіріспе" тақырыбында өткізген дәріске қатысты.
Тыңдаушылар қор нарығының жұмыс істеу негіздері, негізгі инвестициялық құралдар, Қазақстанның қаржы жүйесіндегі KASE-нің рөлі мен жаңа инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктері туралы білді. Сонымен қатар бағалы қағаздармен сауда-саттық жасау механизмдері, баға белгілеуді және биржа қызметін реттеу принциптері туралы ақпарат алды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында KASE студенттермен және мектеп оқушыларымен тұрақты түрде кездесу өткізіп, елдің болашақ қаржыгерлерімен және экономистерімен қаржы нарығының трендтері туралы ақпаратты бөліседі.