KASE Биржа мүшелерін, листинг компанияларын және БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімін өткізді

2025 жылғы 14 ақпанда KASE ең үздік нәтиже көрсеткен Биржа мүшелерін, ашықтыққа ұмтылғаны үшін листинг компанияларын, сондай-ақ қор нарығы туралы ақпаратты белсенді түрде жариялағаны үшін БАҚ өкілдерін жыл марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттау маңызды оқиға - Қазақстан қор биржасының (KASE) Tabadul цифрлық биржалық хабына қосылуына орай ұйымдастырылған KASE: Joining Tabadul Hub халықаралық конференциясы аясында өтті.
Аталған рәсімнің мақсаты - Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға үлес қосқан нарық қатысушыларының кәсіби еңбегін атап өту.
Марапаттау мынадай негізгі номинациялар бойынша жүргізілді:
· Жылдың үздік андеррайтері;
· Нарық көшбасшысы;
· Үздік маркет-мейкер;
· Үздік қаржы консультанты;
· Инвестор тартуға қосқан үлесі үшін;
· ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы;
· Ашықтыққа ұмтылғаны үшін;
· 2023 жылдың үздік жылдық есебі және басқа.
Сондай-ақ бірнеше номинация бойынша БАҚ өкілдері марапатталды:
· Қаржылық сауаттылықты арттырғаны үшін;
· Қор нарығы туралы кәсіби деңгейдегі мақалалары үшін;
· Қор нарығы туралы креативті мақалалары үшін;
· Қор нарығы туралы ең өзекті материалы үшін;
· Қор нарығы туралы мемлекеттік тілдегі мақалалары үшін.
Жеңімпаздардың толық тізімімен KASE ресми сайтында танысуға болады