«Фридом Банк Казахстан» АҚ арналған Эмитент күні

2024 жылдың 11 желтоқсанында 11:00, «KASE эмитенті күні» жобасы шегінде, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ гибридті форматта іс шара өткізеді, осы іс-шара онлайн ZOOM-да және офлайн мына мекен-жайында қолжетімді болады: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, PRESS ROOM.
Іс-шара инвесторларға, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға және БАҚ арналған.
Іс-шарада «Фридом Банк Қазақстан» АҚ басшылығы Банктің 2024 жылдың 9 айындағы қаржылық көрсеткіштерітуралы ақпарат ұсынып, корпоративтік несиелендіруді дамыту, Банктің жуырдағы кезеңдегі өзекті басымдылықтары мен стратегиясы туралы әңгімелейді.
Сонжай-ақ «Фридом Банк Қазақстан» АҚ облигацияларының жоспарланған шығарылымы туралы ақпарат ұсынылады. Қызығушылық танытқан тараптар облигацияларды сатып алу шарттарымен, оның ішінде Банктің облигациялар шығарудан түскен қаражат есебінен заңды тұлғаларды әрі қарай несиелендіру шарттарымен таныса алады.
Іс-шараның спикерлері болады:
- Фархат Сәрсекеев, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ басқарушы директоры
- Ержан Орынбеков, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Трейдинг департаментінің директоры
Іс-шара модераторы KASE Эмитенттермен және инвесторалрмен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ Freedom Holding Corp. холдингілің бір бөлігі болып табылып, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға қаржылық қызмет көрсету бойынша мамандандырылған.
Кездесуге офлайн қатысу үшін тіркеу деректерін customers@kase.kz жазыңыз немесе сілтемесі арқылы тіркеліңіз.