Сауда-саттық ақпарат

Іскерлік белсенділік индексі

50,60
0,30

ІБИ - бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. ІБИ Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындалады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақта өзгеруіне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. Деректер қатары маусымдық факторды жоюмен ұсынылған. Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2024 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік артып, 50,6 құрады. Индекстің көтерілуі қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің жақсаруы есебінен болды.

Қызмет көрсету секторы мен өндірісте іскерлік белсенділік индексі тиісінше 51,5 және 50,7 болып, оң аймақта қалды (наурызда – тиісінше 50,5 және 51,1). Қызмет көрсету секторында көрсеткіш, негізінен, жаңа тапсырыс көлемінің өсуі есебінен жақсарды. Ал өндірісте тауарлы-материалдық қорлардың көлемі мен жұмыспен қамту деңгейі жоғарылады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш 47,0-ге ддейін (наурыздағы 49,0-ден) төмендеді. Құрылыста, аздап өскеніне қарамастан, индекс теріс аймақта қалып,  48,5 (наурызда – 48,2) болды. Аталған секторларда жұмыспен қамту деңгейі біршама төмендегені байқалады.

 Бизнес-ахуал индексі сәуірде 16,9-ға дейін көтерілді. Бизнес жүргізудің қазіргі және болашақ жағдайлары оң бағаланады. Болашақ бизнес жағдайларға қатысты оптимизм жақсарды. Бұл ретте қазіргі бизнес жағдайды бағалау біршама төмендеді. Нәтижесінде бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida