Сауда-саттық ақпарат

Іскерлік белсенділік индексі

50,20
-0,50

ІБИ - бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. ІБИ Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындалады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақта өзгеруіне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. Деректер қатары маусымдық факторды жоюмен ұсынылған. Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

2025 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ АКС департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

2025 жылғы қаңтарда іскерлік белсенділік баяулады, алайда, көрсеткіш 50,2-ні құрай отырып, өткен жылғы ақпаннан оң аймақта келе жатыр.

Көрсеткіш өндіріс пен қызмет көрсету секторында индекс төмендеуіне байланысты баяулады. Бұл секторларда іскерлік белсенділік тиісінше 49,9-ға және 49,7-ге дейін (2024 жылғы желтоқсандағы тиісінше 50,4-тен және 50,2-ден) төмендеп, теріс аймаққа өтті. Көрсеткіш сауда мен құрылыста ғана тиісінше 51,6 және 51,2 құрап (2024 жылғы желтоқсанда тиісінше – 52,1 және 53,9), оң аймақта қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде индекс 49,9-ға дейін (48,3-тен) өскеніне қарамастан, әлі де теріс аймақта қалып отыр.

 

2025 жылғы қаңтарда бизнес-ахуал индексі (БАИ) жақсарды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалау көрсткіші де жақсарды. Сол себепті бизнес-ахуал индексі 12,8 болып, арта түсті. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.  

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артты. Көрсеткіш бәсеңдегеніне қарамастан, ең жоғары сұраныс құрылыста байқалып отыр. Жалпы экономикада сұраныс өсті, бірақ салалар бойынша өзгеріс әртүрлі бағытты көрсетті. Респонденттер инфрақұрылымның өзгеруіне оң баға берсе, қалған факторларды (бизнесті қорғау мәселесін, салық жүктемесін және қаржыға/кредитке қолжетімділікті) теріс бағалады, әсіресе салық жүктемесін бағалау көрсеткіші нашарлады.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.