Сауда-саттық ақпарат

Вендорларға

Вендорларға

KASE ақпараттық өнімдеріне және туынды ақпаратқа өз мақсаттары үшін және оны үшінші жақтарға әрі қарай тарату туралы нақтырақ біліңіз рұқсаттама алу туралы толығырақ біліңіз

Ақпараттық өнімдер

KASE жазылушыларға келесі ақпараттық өнімдерді ұсынады:

1
Нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттық ақпарат – сауда-саттық күн бойынша үздіксіз ағыммен берілетін, биржа қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықтардың барысы туралы ақпарат. Осындай ақпараттың генерациялану сәттері мен оны жолдау арасында техникалық рұқсат етілген кідірісі 3 минуттан аспайды
2
KASE жаңалықтары – KASE, сауда-саттық ұйымдастырушысы қызметі шегінде, өз эмитенттерінен және мүшелерінен алатын, сондай-ақ, биржалық ақпаратты өңдеу нәтижесінде биржа дербес түрде әзірлеген, жаңалықтар лентасы
3
Мобильді қосымшаларда нақты уақыт тәртіпемесіндегі сауда-саттық ақпарат – мобильді қосымшалар арқылы ұсынылатын, биржа өткізетін қаржы құралдарының сауда-саттықтары туралы ақпарат
4
Кідірілген сауда-саттық ақпарат – сауда-саттық күн бойы үздіксіз ағыммен 15-минуттық кідіріспен ұсынылатын, биржа өткізетін қаржы құралдарының сауда-саттықтарының барысы туралы ақпарат
5
Non-Display жүйесі/Туынды ақпарат – Сауда-саттық ақпаратты кез келген, түпнұсқалы ақпаратты (бастапқыда алған) қараудан басқа, мақсатта өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, жүйе
6
Сауда-саттық қорытындылары туралы ақпарат – осы ақпараттық өнімнің техникалық маманданымымен белгіленген, белгілі бір уақыт аралықтар сайын ұсынылатын, сауда-саттық қорытындылары туралы ақпарат
7
Мұрағаттық ақпарат – сауал бойынша, сауда-саттық қорытындылары туралы ақпарат файлының форматына ұқсас форматтағы файлдар түрінде, сондай-ақ өтінімдер тізілімі және мәмілелер тізілімі түрінде берілетін, тарихи ақпарат
8
Анықтамалық ақпарат – қаржы құралдарының сипаттамалары, сондай-ақ бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпарат

БИРЖАЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Біздің болу үшін KASE шарттарымен келісімге қол қою қажет. Биржалық ақпаратты тарату туралы келісім келісімде белгіленген тарифтер бойынша уақтылы төлем жүргізу міндеттемесін қамтиды.

Тарифтер ай сайынғы жарна және әр пайдаланушыға жарна болып бөлінеді. Жергілікті және халықаралық вендорлар үшін тарифтер әртүрлі.

Егер таратушы биржалық ақпаратты Биржадан тікелей алғысы келмесе, оны біздің вендорларымыздан алып, суб-вендор бола алады. Ақпаратты вендордан алу қосалқы вендорды Биржамен келісім жасасу қажеттілігінен босатпайды.

Ол үшін біздің вендорларымыздың бірімен келісімшарттың шарттарын талқылау үшін байланысыңыз. KASE вендор мен суб-вендордың арасында жасалатын келісімнің ережелерін орнатуға қатыспайды.

Бірақ KASE вендоры мен суб-вендордың арасындағы келісімнің шарттары KASE мен вендородың арасында жасалған биржалық ақпаратты тарату туралы келісімнің бірде бір тармағын бұзбауы тиіс.

БИРЖАЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТАРАТУ ШАРТТАРЫ

Ақпараттық саясат
Биржалық ақпаратты тарату ережелері
Биржалық ақпаратты коммерциялық негізде ұсыну шарттары туралы қағида

KASE ЖАЗЫЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ТАРИФТЕР*

Нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттық ақпарат (барлық нарықтар)
Жергілікті вендор
130 АЕК
тарату құқығы үшін
4 АЕК
әр соңғы пайдаланушы үшін
Шетелдік вендор
1500 USD
тарату құқығы үшін
65 USD
әр соңғы пайдаланушы үшін
Нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттық ақпарат (барлық нарықтар) мобильді қосымша арқылы
Жергілікті вендор
60 АЕК
тарату құқығы үшін
4 АЕК
әр соңғы пайдаланушы үшін
Кідірілген сауда-саттық ақпарат (барлық нарықтар, тарату құқығымен).
Жергілікті вендор
60 АЕК
Шетелдік вендор
900 USD
Non-Display жүйелеріндегі ақпарат
Жергілікті вендор
80АЕК
тарату құқығы үшін
Шетелдік вендор
500 USD
тарату құқығы үшін
Сауда-саттық қорытындылары туралы ақпарат (барлық нарықтар, тарату құқығымен)
Жергілікті вендор
20 АЕК
Шетелдік вендор
400 USD
Мұрағаттық ақпарат (барлық нарықтар, тарату құқығымен)
400 USD / 
40 АЕК
1 ай
600 USD / 
60 АЕК
2-3 ай
800 USD / 
75 АЕК
4-6 ай
1000 USD / 
95 АЕК
7-9 ай
1250 USD / 
120 АЕК
10-12 ай
1250 USD / 
120 АЕК
бір жылдан астам**

Анықтамалық ақпарат (тарату құқығымен)
бағалы қағаздар
эмитенттері туралы
200 USD / 
20 АЕК
қаржы құралдары
туралы
200 USD / 
20 АЕК
бағалы қағаздар мен қаржы
құралдарының эмитенттері туралы
300 USD / 
30 АЕК
"KASE жаңалықтары" ақпараттық өнім (тарату құқығымен)
250 USD / 
35 АЕК
1 ай


* кестеде ақпараттық өнімді пайдаланудың әр айына алынатын алымның мөлшері көрсетілген. Мұндағы ерекшелік мұрағаттық ақпараттар мен KASE мүшелерінің мәмілелері мен өтінімдері туралы ақпаратты ұсыну үшін алымдардың мөлшері ақпараттық сауалдың тереңдігіне қарай түрленеді.

** әр жылға алым мөлшерлемесі

*** екі жылдан үш жылға дейінгі кезеңге ақпарат ұсыну үшін 10 % көлемінде, үш жылдан аса – 25 % көлемінде жеңілдік беріледі

ВЕНДОРЛАРҒА АҚПАРАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ АМАЛДАРЫ

  • FIX (Financial Information eXchange) хаттамасы
  • FTP (File Transfer Protocol)
  • Веб-сервистер

Біздің вендорлар

Байланыстар

KASE ақпараттық өнімдерін пайдалануға байланысты сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:
Ақпараттық өнімдерді сату бөлімі: