Сауда-саттық ақпарат

Жеке инвесторларға

Жеке инвесторларға

Әр адамның жеке басының дәулеттілігін басқарудың негізгі мақсаты – сақтап қалу және арттыру түсу. Қор нарығыныңжеке қаржыларды табысты басқару үшін қажетті құралдары бар.

Қаржылық дәулеттілікке қолжеткізу үшін қор нарығының мүмкіндіктерін қалай тиімді қолдануға болатыны туралы нақтырақ біліңіз

KASE САУДА-САТТЫҚ АЛАҢЫ

Қазақстан қор биржасы (KASE) – әмбебап қаржы нарығы, оны шартты түрде бес негізгі секторларға бөлуге болады: шетел валюталары, мемлекеттік бағалы қағаздарының нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығы, репо операцияларының нарығы, деривативтер нарығы.

Осы кезде жеке инвесторларға келесі нарықтар мен олардың қаржы құралдары қолжетімді:

Қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алу (сату) бойынша операциялар жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта KASE қор нарығында сауда-саттыққа акциялар, инвестициялық қорлардың пайлары, корпоративтік облигациялар, халықаралық қаржы ұйымдарының (МҚҰ) облигациялары және мемлекеттік бағалы қағаздар қол жетімді.

РЕПО операцияларының нарығында алдын ала белгіленген баға бойынша, белгіленген уақыттан кейін кері сату (сатып алу) міндеттемесімен бағалы қағаздарды сатып алу (сату) бойынша операциялар жүзеге асырылады. РЕПО операциялары биржада "тікелей" әдіспен (тікелей мәмілелер жасасу әдісімен) және "автоматты" әдіспен (үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен) жүзеге асырылуы мүмкін.

Деривативтер нарығында, келісімшарттың шарттарымен ескертілген, шарттармен базалық активті болашақта жеткізу бойынша мерзімдік мәмілелер жасалады. Осы кезде биржадағы фьючерстердің базалық активі ретінде KASE индексінің бірнеше акциялары, сондай-ақ АҚШ доллары қолданылады.

ЕСКЕРТПЕ

KASE өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес жүзеге асырады. KASE қызметінің барлық аспектілері зағнамамен реттелген.

KASE сауда-саттығына тек, мүше мәртебесін алған, қаржы ұйымдары ғана қатыса алады. Барлық басқа жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар биржада KASE мүшелері арқылы, олардың клиенттері ретінде, сауда-саттық жүргізе алады. Барлық KASE мүшелері брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясына иеленген және KASE ішкі талаптарына сәйкес болуы тиіс.