Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторына айналысқа жіберу KASE сауда-саттық жүйесінде, қандай да бір себептермен KASE ресми тізіміне енгізілмеген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді
Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашысы тек, бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығы бар, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, "қор" санаты бойынша KASE мүшелері бола алады.