Соңғы мәліметтердің уақыты | 20.11.2024 21:32:17 |
Соңғы мәні | 13,61 |
Айдың басынан бастап өзгеруі | -0,06 |
52 аптадағы минимум | 12,88 |
Тарихи минималды мәні | 0,01 |
Мәмілелер көлемі, млрд KZT | 444,2 |
Нарық мәртебесі | Жабық |
Алдыңғы мәміне қатынасты құбылуы | +0,03 |
Жыл басынан бастап өзгеру | -2,58 |
52 аптадағы максимум | 16,56 |
Тарихи максималды мәні | 317,95 |
Мәмілелер көлемі, млн USD | 893,2 |
TONIA Индикаторы (Tenge OverNight Index Average) – Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысуымен қаржы нарығы индикаторлары бойынша жұмыс тобы бойынша таңдалған тәуекелсіз мөлшерлемесі.
2020 жылдың 28 желтоқсанынан бастап, TONIA есептеуі әрбір жұмыс күнінің қорытындысы бойынша МБҚ бағалы қағаздар қоржынымен бір күндік репо операцияларының орташа сараланған мәні ретінде кірістілігі ең көп және ең аз кірістілігімен мәмілелердің 5% кесімделуімен есептеледі. TONIA есептеуі үшін мәміле көлемінің бастапқы шамасына қол жеткізген кезде 100 млрд теңгеге белгіленді. Мәміле көлемінің күніне бастапқы шамасының мәніне қол жеткізген кезде, TONIA Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген, осы күнгі жарамды болып табылатын базалық мөлшерлеменің мәні және алдыңғы бес күндегі базалық мөлшерлемеге TONIA орташа спреді ретінде анықталады.
2020 жылдың 28 желтоқсанына дейін TONIA индикаторы репо нарығында әрбір мәміле жасалған соң, МБҚ бағалы қағаздар қоржынымен, осы индикатордың репрезентативтілігін қамтамасыз етудің қосымша құралдарынсыз - ең көп және ең аз кірістілігімен мәмілелерді кесімдеу және мәмілелердің бастапқы шамасына қол жеткізбеген жағдайда базалық мөлшерлемеге каскадтау бір күндік репо операцияларының кірістілігінің орташа сараланған мәні ретінде, әрбір мәміле жасалған соң есептеледі.
Өлшем бірлігі: жылдық %
Индикаторды жаңарту уақыты: әр жұмыс күн сайынсауда-саттық аяқталғанна кейін 17:30-ден 20:00-ге дейін (GMT +06:00)
Индикатордың өзгеруі: алдыңғы сауда-саттық күннің мәніне қатысты индикаторды жариялаған кезде есептеледі