Сауда-саттық ақпарат

Листингілік компанияларға

Листингілік компанияларға

Листингілік компанияның мәртебесі – компаниянңыздың өміріндегі жаңа маңызды кезең.

Капиталды тартудың қолжетімді мүмкіндіктерімен және ақпараттар ашу бойынша талаптармен нақтырақ танысыңыз

Маркет-мейкер деген кім?

Егер Сіз бизнес-мақсаттарды іске асыру үшін компанияның бағалы қағаздарының өтімділігіне мүддеңіз болса, маркет-мейкер түсінігімен танысуыңыз керек..

Маркет-мейкер – KASE ресми тізіміндегі бағалы қағаздарға қатысты бағаларды, сұраным мен ұсынымды бағалы қағаз бойынша сауда-саттық көлемін, бір уақытта екі жақты баға белгілеулерді қолдау, бағалы қағаздарды стапы лауға және/немесе сатуға өтінімдер беруді қолдау мақсатында маркет-мейкер мәртебесін алған, Биржаның мүшесі.

Бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің мәртебесін тек "қор" санаты бойынша мүшелік ететін, KASE мүшесі ала алады. Бұл ретте бағалы қағаз бір уақытта бірнеше маркет-мейкерге тіркелуі мүмкін.

Маркет-мейкердің мақсаттары

  • Маркет-мейкердің әрекеттері бағалы қағаз бойынша сұраным мен ұсынымды қамтамасыз етеді, өтімділіктің жоғарғы деңгейі үшін және бағалы қағаздар бағасының күрт өзгеруіне жол бермеу, сондай-ақ спрэд мөлшерін ұстау үшін, жағдайлар жасайды;
  • Маркет-мейкер сауда-ссаттық жүйесінже белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға баға белгілеулерді жариялау және қолдау міндеттемесін өз мойнына алады;
  • Бағалы қағазға тұрақты сұранымды және ұсынымды (нарық) қолдау мақсатында, маркет-мейкер осы бағалы қағазды сатып алу және өзінің сауда-саттық шотында сақтау тәуекелін өз мойнына алады..

Естелікке

Кейде, бастапқы нарықта баға диапазонының ең жоғарғы шекарасы бойынша орналастырылған, бағалы қағаздар инвесторлар тарапынан сұраным көп болғанымен өзінің танымалдылығын жоғалтып, бағасы түсіп кетуі мүмкін. Осындай жағдай компанияның капитализациясына жағымсыз әсер етеді және оның қосымша орналастырулар өткізуге мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан, өз бағалы қағаздарының жоғарғы өтімділігіне мүдделі, эмитенттер маркет-мейкер қызметтеріне жүгіну тураьы алдын ала ойлаған жөн.