Листингілік компанияның мәртебесі – компаниянңыздың өміріндегі жаңа маңызды кезең.
Капиталды тартудың қолжетімді мүмкіндіктерімен және ақпараттар ашу бойынша талаптармен нақтырақ танысыңыз
Классикалық IPO (ағыл. – Initial Public Offering) – саны шектелмеген тұлғаларға сату үшін компанияның акцияларын қор нарығында бастапқы көпшіліктік орналастыру. IPO – бұл кез келген, қаржыландыру көзіне мұқтаж, компанияның дамуындағы табиғи және маңызды кезең
Акцияларды биржада бастапқы орналастыру бизнесті дамыту немесе инфрақұрылымды құру мақсатында ақша тарту үшін өткізіледі. Қор нарығына шығу – шығынды әрі беделді, сондықтан инвестициялық қаржыларды тартудың осы амалын әр компания үшін қолжетімді емес. Алайда орта мерзімді перспективада IPO компанияға бір қатар артықшылық береді, олар өз кезегінде оған шыққан шығындарды өтейді