KZ
26 сәуір 2025, 19:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.04.2025 16:32 #Қаржы құралдары

28 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 25.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 09 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE- де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 09 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 мамырынан бастап қайта басталады.

[2025-04-25]