Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 25.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 27 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда- саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 27 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 29 мамырынан бастап қайта басталады.
[2025-04-25]