KZ
27 сәуір 2025, 11:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.04.2025 18:32 #Сауда-саттық ақпараты

24 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өзінің бесжылдық KZ2C00013662 (JSBNb5) облигацияларын жылдық 16,50 %-бен орналастыра отырып, 50,0 млрд теңге тартты

/KASE, 24.04.25/ –Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00013662 (негізгі алаң, "облигациялар" санаты, JSBNb5; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 24.04.25 – 24.04.30; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраныс параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                       
------------------------------------------------- ----------
Қатысушылар саны:                                 5         
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),     9 / 9     
оның ішінде:                                                
– шектелімді:                                     9 / 9     
– нарықтық:                                       0 / 0     
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:            50 020,0  
– шетелімді:                                      50 020,0  
– нарықтық:                                       0,0       
Ұсынымға сұраным:                                 100,0 %   
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі,    16,5000   
жылдық % (барлық/ белсенді):                                
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,         
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.           

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 1,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 97,0 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 2,0 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         50 000 000      
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              9               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 5               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            100,0           
жоспардан %:                                                    
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон          16,5000         
мөлшерлемесі, жылдық %                                          
----------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        24.04.25                        
Орналастырудың жарияланған көлемі,        50 000 000 000                  
теңге:                                                                    
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтініш беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                     
Кесу уақыты:                              14:30 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    24.04.25, 14:30                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесіледі                        
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс
                                          жинақ банкі" АҚ                 
--------------------------------------------------------------------------

[2025-04-24]