"Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013832 (ORBSb5) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 18.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013832 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға ORBSb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2025-04-18]