Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан қор биржасындағы акциялармен сауда-саттық көлемі 64,2 млрд теңге болды
/KASE, 16.04.25/ – 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 64,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,5 %-ға төмендеді.
2024 жылдың үш айлық (қазан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда- саттық көлемі 12,2 %-ға төмендеді.
Төмендегі кестеде 2025 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады) келтіріледі.
------------------------------------------- Жыл, Бастапқы Қайталама ай нарық нарық* Барлығы* ---------- --------- ----------- ---------- 2025, I 0,0 18,8 18,8 ---------- --------- ----------- ---------- 2025, II 0,0 25,9 25,9 ---------- --------- ----------- ---------- 2025, III 0,0 19,4 19,4 ---------- --------- ----------- ---------- барлығы 0,0 64,2 64,2 ---------- --------- ----------- ---------- 2024, I-ІІ 49,2 62,3 111,5 тренд, % -100,0 +3,0 -42,5 ------------------------------------------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді есепке қоспағанда.
[2025-04-16]