KZ
27 сәуір 2025, 03:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.04.2025 15:00 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясы ұсынған Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI шолуын жариялады

/KASE, 01.04.25/ – Freedom Holding Corp. қазақстандық қор биржасына (KASE) Қазақстанның өңдеуші салаларының 2025 жылғы наурыздағы іскерлік белсенділік индексіне (PMI) жасаған шолуын ұсынды.

Төменде Freedom Finance Global PLC (100% -ды Freedom Holding Corp., еншілес компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтің түсініктемесі келтірілген.

“Наурызда Қазақстанның өңдеуші секторына деген сенім қайта артты, PMI соңғы он екі айда төртінші рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Өндірістегі негізгі факторлардың оң динамикасына қарамастан, нарыққа қатысушылардың сенімі бұрынғысынша өткен жылдың соңындағы деңгейден төмен. Наурыздағы өсудің негізгі драйверлері жаңа тапсырыстардың және ағымдағы сұраныстың белсенді қалпына келуі болды, бұл кадр санының айтарлықтай артуы, сатып алулар мен өндірістің ұлғаюы және сонымен бір мезгілде дайын өнім қорының анағұрлым қарқынды азаюы. Жеткізу мерзімі бес жарым жыл ішінде алғаш рет пессимистік аймақтан шықты. Ақпанға қатысты біршама әлсірегеніне қарамастан, жоғары инфляциялық қысым өзекті болып отыр: сатып алу бағасының өсу қарқыны соңғы 17 айда екінші рет ең жоғары деңгейде, ал сату бағасының өсу қарқыны соңғы 6 айдағы екінші ең жоғары деңгейде қалып отыр. Нарық қатысушыларының алдағы 12 айға болжамы тым төмен болса да, өсім бар, бұл – салада оптимистік көзқарастың басым екенін көрсетеді.”

Қазақ тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ

Орыс тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ

Ағылшын тіліндегі материал мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ

[2025-04-01]