KZ
27 сәуір 2025, 12:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.03.2025 15:46 #Қаржы құралдары

01 сәуірден бастап KASE-де “ОнлайнКазФинанс” МҚҰ” АҚ-тың KZ2C00013274 (MFOKb26) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 31.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 01 сәуірден бастап “ОнлайнКазФинанс” МҚҰ” АҚ-тың (Алматы) KZ2C00013274 (KASE балама алаңы, "облигациялар” санаты, MFOKb26; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы құбылмалы купон, ағымдағы купондық кезеңде жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылғанын хабарлайды.

Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза емес” бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-03-31]