"BASS Gold" ЖШС Шынасыл-Сай кен орнын барлауға алған лицензиясының мерзімін 2030 жылға дейін ұзартқанын хабарлады
/KASE, 20.03.25/ – "BASS Gold" ЖШС (KASE тикері – FPST) төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
2025 жылғы 26 наурыз
Биылғы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «BASS Gold» ЖШС үлесіне иелік ететін «Block One Company» компаниясының Шынасыл-Сай кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге алған лицензиясының мерзімін ұзартты. Лицензия 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін қолданылады және компанияға қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқық береді.
Шынасыл-Сай кен орны 1930 жылы ашылған, онда әртүрлі уақыт кезеңінде: 1933 жылы, 1950-1958 жылдары, 1958-60 жылдары, 1962 жылы барлау жұмыстары жүргізілді.
Кен орнында КСРО ҚМК-нің мынадай бекітілген қорлары бар: Қорғасын – 184,9 мың тонна (орташа құрамы 2,73 гр/тн болғанда);
Мырыш – 120,7 мың тонна (1,78 гр/тн);
Күміс – 174,9 т (21,4 гр/тн);
Алтын – 6 975 кг (0,86 гр/тн);
Кадмий – 365,2 т (0,0054 гр/тн).
Қолда бар тарихи деректерді тексеру, ресурстар мен болжамдар жоспарында кен орнының перспективаларын растау мақсатында компания Шынасыл-Сай кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Цитатаның соңы
Баспасөз релизінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-03-26]