"ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылғы қаржылық нәтижелер туралы хабарлайды
/KASE, 14.03.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 311 млрд 900,1 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 7,4% жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ таза пайдасы 41 млрд 577,97 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың нәтижесінен 26,6% жоғары.
Сонымен бірге, 2024 жылға "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жеке түсімі 258 млрд 660,6 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштен 7,3% жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жеке таза пайдасы 39 млрд 781,2 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 120,5% жоғары.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы:
- Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы– толығырақ
- Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
- Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-03-14]