KASE МБҚ қисығының кірістілік функциясын қалыптастыру үшін мерзімдік диапазондарын қалдырды
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар қисығының (МБҚ) кірістілік функциясын қалыптастыру мақсатында келесі мерзімдік диапазондарын пайдалану туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды:
- өтеуге дейін 0-ден 480 күнге дейін;
- өтеуге дейін 481-ден 2 100 күнге дейін;
- өтеуге дейін 2 101 күннен бастап және одан аса.
Естеріңізге сала кетейік, Комитеттің шешіміне сәйкес әрбір жеделдік диапазоны үшін соңғы 25 мәміленің параметрлері, олардың өтелу мерзімі мәміле жасалған кезде осы мерзімдік диапазонына сәйкес келеді немесе өтелу мерзімі сауда-саттық күні ішінде жасалған осы мерзімдік диапазонына сәйкес келетін МБҚ-мен барлық мәмілелер пайдаланылады.
МБҚ қисығының кірістілік функциясын анықтау мақсатында Комитет TAU параметрін анықтау үшін келесі конфигурацияны пайдалану туралы шешім қабылдады:
- іздеу шекаралары 0,076-дан 0,2-ге дейін.
Мерзімдік диапазондарын анықтауды Комитет ретроспективті есептеулер мен болжамды деректер негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесінің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2025-03-14]