17 наурыздан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 наурызынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 15 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 19 мамырынан қайта басталады.
[2025-03-14]