15 наурыз 2025, 22:39
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.03.2025 09:40 #Қаржы құралдары

"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 наурызында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2P00013584 (1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360), торговый код – MFLGb9;
  • KZ2P00013600 ($100, $1,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFLGb10;
  • KZ2P00013618 ($100, $1,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFLGb11.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2025-03-14]