15 наурыз 2025, 18:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2025 15:50 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен жасалған сауда-саттық көлемі 0,7 млрд теңгені құрады

/KASE, 13.03.25/ – 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен жасалған сауда-саттық көлемі 3,5 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,6 %-ға төмендеді.

2024 жылдың екі айлық (қараша-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 59,1 %- ға өсті.

Төмендегі кестеде 2025 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге) айлар бойынша бөлінген, сондай-ақ өткен жылдың тиісті кезеңінің салыстырмалы деректері келтірілген.

--------------------------------
Жыл,           I      II   Всего
ай                              
-------- ------- ------- -------
2025       744,0 2 805,4 3 549,3
2024     1 225,0 2 457,7 3 682,7
-------- ------- ------- -------
тренд, %   -39,3   +14,1    -3,6
--------------------------------

[2025-03-13]