15 наурыз 2025, 18:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2025 15:45 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 300,9 млрд теңгені құрады

/KASE, 13.03.25/ – 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 300,9 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 49,8%-ға төмендеді.

2024 жылдың екі айлық (қараша-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 72,9 %-ға төмендеді.

Төмендегі кестеде 2025 жылдың тисті кезеңінде биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәміле жасасуға болады) келтірілген.

--------------------------------------------------------
Жыл,       
ай         Бастапқы нарық   Қайталама нарық*    Барлығы*                                             
---------- -------------- ------------------- ----------
2025, I              44,8                56,2      101,0
2025, II            115,9                84,0      200,0
---------- -------------- ------------------- ----------
Барлығы             160,7               140,3      300,9
---------- -------------- ------------------- ----------
2024, I-ІІ          511,5                87,7      599,1
тренд, %            -68,6               +60,0      -49,8
--------------------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.

[2025-03-13]