15 наурыз 2025, 18:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2025 15:43 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасындағы акциялармен сауда-саттық көлемі 44,7 млрд теңге болды

/KASE, 13.03.25/ – 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 44,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54,5 %-ға төмендеді.

2024 жылдың екі айлық (қараша-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 12,2 %-ға төмендеді.

Төмендегі кестеде 2025 жылы биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады) келтіріледі.

-------------------------------------------
Жыл,       Бастапқы    Қайталама           
ай             нарық      нарық*   Барлығы*
---------- --------- ----------- ----------
2025, I          0,0        18,8       18,8
2025, II         0,0        25,9       25,9
---------- --------- ----------- ----------
барлығы          0,0        44,7       44,7
---------- --------- ----------- ----------
2024, I-ІІ      49,2        49,0       98,2
тренд, %      -100,0        -8,7      -54,5
-------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді 
  есепке қоспағанда.

[2025-03-13]