15 наурыз 2025, 23:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.03.2025 12:18 #KASE жаңалықтары

АНОНС: 18 НАУРЫЗДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 13.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 наурызында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.

Кездесу тақырыбы "2024 жылдағы өндірістік және қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 11:00.

Іс-шараның спикерлері:

  • Әміржан Оспанов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
  • Алмас Оңғарсынов, бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет толығырақ

[2025-03-13]