Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00011021 (FIVEb5) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 11.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 наурызынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00011021 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FIVEb5; 100 теңге, 200,0 млн теңге; 11.03.24 – 11.03.25; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 06 наурызынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 наурызынан бастап ашылды.
[2025-03-11]