15 наурыз 2025, 21:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.03.2025 14:54 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күнін 20 наурыздан 29 сәуірге ауыстыру туралы хабарлама

/KASE, 07.03.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 20 наурызына белгіленген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілу күнін 2025 жылдың 29 сәуіріне ауыстыру туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банктің 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

2) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;

3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылындағы есебі туралы;

4) акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

5) 2024 жылы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы;

6) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін анықтау туралы;

7) "ForteBank" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне № 4 түзетулерді бекіту туралы.

Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – толығырақ

[2025-03-07]