16 наурыз 2025, 02:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.03.2025 10:02 #Қаржы құралдары

06 наурыздан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00013568 (NCOMb6) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 06.03.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 04 наурызында "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00013568 (NCOMb6; $100, $20,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 06 наурыздан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-03-06]