16 наурыз 2025, 01:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.03.2025 10:34 #Қаржы құралдары

"FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ Kz2c00013548 (FIVEb6) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 05.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 04 наурызында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00013548 (100 теңге, 300,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Аталған облигацияларға FIVEb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады.

[2025-03-05]