16 наурыз 2025, 01:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.03.2025 09:18 #Қаржы құралдары

05 наурыздан Қазақстан қор биржасында iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 (TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-саттығы тоқтатылады

/KASE, 05.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 сәуірiне және одан кейінгі күндерге келетін iShares 20+ Year Treasury Bond US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 01 сәуірiнде көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2025-03-05]