15 наурыз 2025, 23:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.02.2025 17:23 #Қаржы құралдары

27 ақпаннан бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013535 (ORBSb4) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін болады

/KASE, 26.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 25 ақпанында "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013535 (ORBSb4; 1 000 теңге, 400,0 млн теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 27 ақпанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-02-26]