15 наурыз 2025, 22:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.02.2025 19:02 #Сауда-саттық ақпараты

25 ақпан күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі KZ2D00009222 (EABRb42)облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 16,25 %-бен орналастырып, 50,0 млрд теңге тартты

/KASE, 25.02.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009222 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb42; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 25.02.25 – 25.02.28; actual/365) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                       
------------------------------------------------- ----------
Қатысушылар саны:                                 8         
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),     16 / 13   
оның ішінде:                                                
– шектелімді:                                     16 / 13   
– нарықтық:                                       0 / 0     
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:            58 975,0  
– шетелімді:                                      58 975,0  
– нарықтық:                                       0,0       
Ұсынымға сұраным:                                 147,4 %   
Берілген өтінімдер бойынша маржа                  1,00      
мөлшерлемесі, %                                             
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,         
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.           

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 89,9 %, брокерлік-дилердік ұйымдардың үлесіне – 1,9 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 8,0 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 0,2 % тиесілі болды.

САТЫП АЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           50 000 000      
облигациялар:                                                     
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:       50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                11              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   8               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,              125,0           
жоспардан %:                                                      
Қанағаттандырылған өтінімдердегі маржа            1,00            
мөлшерлемесі, %:                                                  
Купон мөлшерлемесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық 16,2500         
Банкінің базалық мөлшерлемесі + маржа), жылдық %:                 
------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 88,4 % – банктер, 2,1 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 9,5 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

------------------------------------------ ----------------------------------------------
Сауда-саттық күні:                         25.02.25                                               
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:  40 000 000 000                                         
Лот мөлшері, дана:                         1                                                      
Сауда-саттық мәні:                         купон мөлшерлемесі                                     
Сатып алуға өтінім түрі:                   шектелімді                                             
Өтінім беру тәсілі:                        жабық                                                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:               10:00–12:00                                            
Өтінімдерді растау уақыты:                 10:00–12:30                                            
Кесім уақыты:                              14:00 (Т+0)                                            
Төлеу күні және уақыты:                    25.02.25, 14:00                                        
Өтінімдерді кесу әдісі:                    бағалары кесімдеу бағасынан төмен өтінімдер 
                                           кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты           кесімдеу бағасына тең немесе                           
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру      сатушы үшін неғұрлым тиімді болып                      
тәсілі:                                    табылатын, шектелімді қарсылама                        
                                           өтінімдердің бағалары бойынша                          
Шектелімді өтінімдерді оларды беру         қарсылама өтінімдерді қабылдау                         
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша                                         
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:      "First Heartland Jusan Invest" АҚ                      
----------------------------------------------------------------------------------------

Бірлескен андеррайтерлер - "First Heartland Jusan Invest" АҚ және "Фридом Финанс" АҚ.

[2025-02-25]