15 наурыз 2025, 22:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.02.2025 14:51 #Сауда-саттық ақпараты

/ӨЗГЕРТІЛДІ/ Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкі өзінің екі жылдық XS3004202225 (EBRDe27) халықаралық облигацияларына жазылу арқылы жылдық 0,00 %-бен маржамен орналастырып, 33,0 млрд теңге тартты

/KASE, 24.01.25, сұраным параметрлері туралы ақпарат өзгертілді/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3004202225 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe27; 33,0 млрд теңге; 24.02.25-24.02.27; қалқымалы тоқсандық купон – TONIA + тиянақталған маржаның күрделі пайыздық мөлшерлемесі; actual/365) облигацияларына жалызу арқылы бастапқы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болды.

----------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                 
-------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                  7                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),      13 / 9             
оның ішінде:                                                          
– шектелімді:                                      13 / 9             
– нарықтық:                                        0 / 0              
Белсенді өтінімдер көлемі*, теңге:                 52 000,0           
оның ішінде:                                                          
– шектелімді:                                      52 000,0           
– нарықтық:                                        0,0                
Ұсынымға сұраным:                                  167,7 %            
Берілген өтінімдер бойынша маржа мөлшерлемесі, % (барлығы / белсенді):
– минималды                                        0,0000             
– максималды                                       2,0000             
– орташа сараланған                                0,1714 / 0,1971    
----------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте          
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                   
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                     

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 42,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 2,9 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 35,6 %, өзге заңды тұлғадлардың үлесіне – 19,2 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың көлемі: 33 000 000 000  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:           33 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                       6               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:          6               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:        106,5           
Қанағаттандырылған өтінімдердегі маржа                   0,0000          
мөлшерлемесі, %:                                                         
-------------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 12,1 % – банктер, 1,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 56,1 % – басқа институционалдық инвесторлар, 30,3 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

-------------------------------------------- ------------------------
Жазылым күні:                                20.02.25                
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:      31 000 000 000          
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 09:30–12:00             
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            20.02.25, 15:00         
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 24.02.25, 09:30         
---------------------------------------------------------------------

[2025-02-24]