15 наурыз 2025, 23:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.02.2025 12:53 #Қаржы құралдары

24 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен және iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 (TLT_KZ) бағалы қағаздарымен сауда- саттық тоқтатылды

/KASE, 21.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 ақпанынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен және ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды:

1) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) M&T Bank Corporation;

2) US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ) және iShares 20+ Year Treasury Bond ETF;

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 наурызында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 наурызынан бастап қайта басталады.

[2025-02-21]