15 наурыз 2025, 21:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.02.2025 10:10 #Корпоративтік уақиғалар

20 наурызда "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 19.02.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 20 наурызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банктің 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

2) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;

3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі туралы;

4) банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы;

5) 2024 жылы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы;

6) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін анықтау туралы;

7) "ForteBank" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне № 4 түзетулерді бекіту туралы.

Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – толығырақ

[2025-02-19]