15 наурыз 2025, 23:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.02.2025 13:02 #Қаржы құралдары

17 ақпаннан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен KASE-де жасалатын сауда-саттық тоқтатылады.

/KASE, 14.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары” секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің «Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері» атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 18 ақпанында шығарылым проспектісінің талаптары бойынша осы облигацияларды ішінара сатып алу жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтатылды.

[2025-02-14]