Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12 ақпаннан бастап "ТехноГруппСервис" ЖШС-ның KZ2P00010986 (TGSVb1) жасыл облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосылды
/KASE, 12.02.25/ – Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылдың 06 ақпанында "ТехноГруппСервис" ЖШС-ның (Жезқазған) KZ2P00010986 (TGSVb1; $100 000, $25,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) жасыл облигацияларын балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосу туралы шешім қабылдады.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылдың 12 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттық жүргізудің ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Осы облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-02-12]