15 наурыз 2025, 18:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.02.2025 14:47 #Қаржы құралдары

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ үш атаудағы жай акциялар бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімі бойынша 2025 жылдың 12 ақпанынан бастап "Teniz Capital Investment Banking" АҚ төмендегі жай акциялар бойынша KASE-дегі маркет-мейкер міндетін атқарудан босатылды:

1) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp. (АҚШ);

2) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) ALPHABET INC. (АҚШ);

3) KZ0009093241 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTK) "Қазақтелеком" АҚ (Астана).

Бұл шешім KASE-нің «Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері» ішкі құжатының 3-бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден өз еркімен бас тартуына байланысты қабылданды.

[2025-02-12]