15 наурыз 2025, 23:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.02.2025 17:22 #Қаржы құралдары

11 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 10.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын, есеп айырысу күні 2025 жылдың 17 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін, репо операциялары бойынша ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 17 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 19 ақпанынан бастап қайта басталады.

[2025-02-10]