16 наурыз 2025, 01:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.02.2025 10:26 #Қаржы құралдары

"ТехноГруппСервис" ЖШС KZ2P00010986 (TGSVb1) "жасыл" облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 07.02.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 06 ақпанында "ТехноГруппСервис" ЖШС (Жезқазған) KZ2P00010986 ($100 000, $25,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) "жасыл" облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"ТехноГруппСервис" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "SkyBridge Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигацияларға TGSVb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.

"ТехноГруппСервис" ЖШС қызметінің негізгі түрі-тұрғын үй объектілеріне кешенді қызмет көрсету.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-02-07]