15 наурыз 2025, 18:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.01.2025 19:06 #Қаржы құралдары

22 қаңтарда KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KZTK) артықшылықты акцияларының бағасының 33,09 % төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты

/KASE, 22.01.25/ – Бүгін Астана қ. уақытымен сағат 11:44-те Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның артықшылықты KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) акциялары бойынша олардың бағасының 33,09 %-ға төмендеуіне байланысты сауда-саттықты тоқтатты.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум" санатындағы KASE ресми тізіміндегі акциялардың бағасы жабылу сәтінде мұндай құлдыраудың алдындағы сауда-саттықтың күні қалыптасқан бағаға қатысты 30 және одан да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады. Бұл ретте, сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтың негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.

2025 жылдың 21 қаңтарында жасалған KZTKp-мен жасалған соңғы орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 41 100,00 теңгені құрады. KZTKP сауда-саттығы 2025 жылдың 22 қаңтарында бір акция үшін 27 500,00 теңге бағамен мәміле жасалғаннан кейін тоқтатылды.

[2025-01-22]