15 наурыз 2025, 21:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.01.2025 10:17 #Қаржы құралдары

20 қаңтардан бастап KASE-де биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда саттық ашылады

/KASE, 20.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-саттық ашылады.

Аталған фьючерстердің спецификациясына сәйкес:

  • фьючерстік келісімшарттың басталу күні – тоқсанның басына келетін айдың бесінші күні: қаңтар, сәуір, шілде және қазан;
  • өтініш фьючерстік келісімшарттың соңғы күні – тоқсанның соңындағы айдың үшінші бейсенбісі: наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан;
  • сауда саттық фьючерстік келісімшартпен айналымның төрт мерзіміне ашылады;
  • фьючерстік келісімшартты орындау күні оның мерзімінің соңғы күні болып табылады.

Бұдан басқа, маманданымда биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстермен сауда-саттық жүргізудің жеке параметрлері белгіленген.

2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап KASE-де биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына мынадай фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттық қолжетімді болады:

-------------------------------------------------------
№                             Сауда-    Сауда-саттықтың
р/с    Коды                саттықтың           аяқатлуы
                            басталуы    (орындалу күні)
------ ---------------- ------------ ------------------
SPDR S&P 500 ETF TRUST-қа фьючерс                     
------ ---------------- ------------ ------------------
1      US_SPY_-3.25         20.01.25           20.03.25
2      US_SPY_-6.25         20.01.25           19.06.25
3      US_SPY_-9.25         20.01.25           18.09.25
4      US_SPY_-12.25        20.01.25           18.12.25
-------------------------------------------------------
SPDR Gold Shares ETF-ке фьючерс                        
-------------------------------------------------------
5      US_GLD_-3.25         20.01.25           20.03.25
6      US_GLD_-6.25         20.01.25           19.06.25
7      US_GLD_-9.25         20.01.25           18.09.25
8      US_GLD_-12.25        20.01.25           18.12.25
-------------------------------------------------------
Nasdaq-100 Index ETF-ке фьючерс                        
-------------------------------------------------------
9      QQQ_KZ-3.25          20.01.25           20.03.25
10     QQQ_KZ-6.25          20.01.25           19.06.25
11     QQQ_KZ-9.25          20.01.25           18.09.25
12     QQQ_KZ-12.25         20.01.25           18.12.25
-------------------------------------------------------
SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF-ке фьючерс
-------------------------------------------------------

13 US_BIL_-3.25 20.01.25 20.03.25 14 US_BIL_-6.25 20.01.25 19.06.25 15 US_BIL_-9.25 20.01.25 18.09.25 16 US_BIL_-12.25 20.01.25 18.12.25

-------------------------------------------------------

Көрсетілген күннен бастап "Биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстік келісімшарттардың маманданымы" атты KASE жаңа ішкі құжаты қолданысқа енгізіледі.

KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00- ге дейін өткізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

KASE фьючерстерінің сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ

KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ / ("Сауда- саттық" бетбелгісі).

[2025-01-20]