17 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен және төрт атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 ақпанға және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен және ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) Citigroup Inc.;
2) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
3) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;
4) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;
5) US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 ақпанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап қайта басталады.
[2025-01-16]